Камалжан Талғатұлы Надыров "Астана медицина университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Камалжан Надыров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің түлегі. Сондай-ақ "Тұран" университетінде, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде білім алған. Әр жылдары Duke University, The Fuqua School of Business (США), Parkway College (Сингапур), Florence Nightingale клиникалар тобында (Турция), Oxford Social Health Insurance system (Германия) сияқты ұйымдарда білім алған. Ол қоғамдық денсаулық сақтау саласында MBA және іскерлік әкімшілендіру бойынша Executive MBA дәрежесіне ие.
2007-2014 жылдары – Б.У. Джарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Медициналық қызметті стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2016 жылдан 2017 жылға дейін – Республикалық диагностикалық орталықты басқарды – University Medical Center филиалының директоры.
2017-2018 жылдары – Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2018 жылғы наурыздан 2019 жылғы наурызға дейін – Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі.
2020 жылдың маусым-қазан айлары аралығында – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Марапаттары мен медальдары: "Ерен еңбегі үшін" медалі, "Қазақстан халқының бірлігі" медалі, "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгісі, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" белгісі.