Ауа райы болжамы: Көктайғақ, тұман, қатты жел болуы мүмкін

Zakon.kz
Қарағанды облысында қатты жел тұрады, күндіз желдің екпіні 23-28 м/с, кей жерде 30 м/с құрайды.

Синоптиктер 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер Қызылорда облысының орталығы мен шығысында көктайғақ, бұрқасын болады деп болжап отыр. Жел солтүстік батыстан оңтүстік батысқа ойысып, 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түсіп, боран соғады. Күндіз облыстың оңтүстік батысынан солтүстік батысына қарай 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

17 қарашада оңтүстікте, шығыста, орталықта, 18 қарашада Қарағанды облысының басым бөлігінде қар, бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. 17 қарашада облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. 17 қарашада өңірде қатты жел тұрады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, кеш бата 23-28 м/с, кейде 30 м/с болады. 19 қарашада ауа температурасы түнде -17 градусқа дейін төмендейді...

Ақтөбе облысының солтүстігінде төмен бұрқасын болып, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыстан жел соғады, екпіні -18 м/с.

Алматы облысының оңтүстік шығысында және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік шығысында және таулы аудандарында – тұман, көктайғақ. Талдықорғанда солтүстік батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты