Мемлекет басшысы Сәтқалиевке бірқатар нақты тапсырма берді

Ақорда
Мемлекет басшысына Қордың жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелері туралы баяндалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына Қордың жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелері туралы баяндалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Алмасадам Сәтқалиев биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" компаниялар тобына 8 981 миллиард теңге кіріс кіргенін және оның жоспарланған мөлшерден 20 пайызға артық екенін айтты. Компаниялар тобының операциялық табысы – 1 256 миллиард теңге. Бұл – былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 2 еседен көп. Оған мұнай бағасының қымбаттауы, жүк тасымалынан түсетін кірістің артуы, транзиттің өсуі және басқа да өндірістік көрсеткіштер ықпал еткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының жобалары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді