Ресейлік нөмірлі көлік алған қазақтар оңбай ұрынды

Zakon.kz
500 мыңның Lada-сы үшін 2 млн 649 мың теңге "растаможка" төле!

Қазақтар арзан көлік деп Ресейден әкеп алғандардың арасында "двойник" көлік көп. Кәдімгі мәшине айып тұрағына қойылса, айыппұл төлегеннен кейін оны алып шығасың тұрақтан. Ал көлігің "двойник" боп шықса, бермейді.

Келген көлік келді. Елге кірді. Заңға сәйкес, көліктің Қазақстанға кіруіне тыйым жоқ. Одан кейін, мақсатыңа қарай, заң бар: сатып алдың ба, тіркеуге қой. Не Ресейдегі бұрынғы иесін тауып, қайтадан тіркеуге қой, техосморты мен салығын төлеп кел. Сосын бір жыл бойы жүр-дағы, сосын бір айға Қазақстаннан шығару керек.

Қазақстанға тіркетем десең, екі-үш жыл бұрын шығарылған көлікке 145 мың теңге "растаможка" төлейсің. Көліктің шыққанына үш жылдан асып кеткен болса, 1 млн 458 мың теңге төлеу керек.

Мысалы, 500 мыңға Ресейден 2010 жылғы Lada алсаңыз, 2 млн 649 мың теңгені "растаможкаға" беру керек. Бұл қалай а?

Сонымен, ресейлік нөмірлі көліктердің мәселесі шешілмей ме?

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты