Талып қалған Саакашвили жансақтау бөліміне жеткізілді

Instagram/saakashvilim
Саакашвилидің медициналық көмекке жүгінуден бас тартқанына қарамастан, саясаткердің адвокаты реанимацияны талап еткен.

Түрмеде есінен танып қалған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили жансақтау бөліміне жеткізілді. Бұл туралы оның адвокаты Ника Гварамия мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lenta.ru сайтының хабарлауынша, дәрігерлер өз мүмкіндіктеріне қарай барын салып жатыр. Жалпы, заңгердің атап өтуінше, есінен танып қалған Грузия экс-президентінің жағдайы қазір тұрақты, есін жиған.

Саакашвилиде бәрі жақсы, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Мен оның бөлмесінде болып, бәрін өз көзіммен көрдім, - деп сендірді Гварамия.

Саакашвилидің медициналық көмекке жүгінуден бас тартқанына қарамастан, саясаткердің адвокаты реанимацияны талап еткен.

18 қарашада кешке Грузияның бұрынғы басшысының тағы бір адвокаты түрмеде бір айдан астам аштық жариялап жатқан Саакашвилидің естен танып қалғанын хабарлады. Оның айтуынша, Грузияның бұрынғы басшысы адвокаттармен кездескеннен кейін шығып бара жатқанда аяғы тайып, құлаған.

Михаил Саакашвили 1 қазанда елге заңсыз кіргендіктен Грузияда ұсталды. Саясаткер бірнеше жыл бұрын банкир Сандро Гиргвлианиді өлтіру ісі бойынша сырттай шығарылған үкімге сай түрмеге жабылған. Түрмеде Саакашвили аштық жариялады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды