Дүниежүзілік бокс кеңесі Қазақстан үшін тарихи мәлімдеме жасады

instagram/wbcboxing
Дүниежүзілік бокс кеңесі келесі WBC Конвенциясы Қазақстанда өтеді деп шешім қабылдады.

Қазақстан Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) 60-шы Конвенциясын қабылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай шешім Канкундағы (Мексика) 59-шы Конвенцияда қабылданды.

Келесі WBC Конвенциясы Қазақстанда өтеді, - деп жазды ұйым Instagram-да.

Sports.kz жазуынша, іс-шараның басты жұлдызы супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес болды. Оның алдағы жоспарларына келетін болсақ, ол бірінші ауыр салмақта өз күшін сынап көруге және WBC чемпионы Илунга Макабумен жекпе-жек өткізуге ниетті.

"Канеломен" жекпе-жекке қазақстандық Геннадий Головкин де үміткер.

Құрметті достар, өкінішке қарай, біздің команда АҚШ-тың жаңа карантиндік шараларына байланысты 59-шы WBC конвенциясына бара алмады. Бірақ біздің команда онлайн қатысып, Қазақстан аумағында WBC мерейтойлық 60-шы конференциясының тәртібі бойынша өз жобасын қорғады. Біз мұны істегенімізді қуанышпен хабарлағымыз келеді! Келесі жылы Қазақстанда WBC мерейтойлық 60-шы Конвенциясы өтетінін ресми түрде хабарлаймыз! Құттықтаймыз, достар, бұл біздің еліміз үшін жеңіс және біз үшін осындай ауқымды іс-шараны өткізу үлкен мәртебе! - деп жазады Suleimen Promotions.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді