Қазақстандықтар халықаралық кітап сыйлау күні туралы не ойлайды?

Zakon.kz тілшісі қазақстандықтардан 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні туралы пікірін білді.

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Мұндай мереке 2012 жылдан бері тойланып келеді. Бұл күні адамдар бір-біріне кітап сыйлап, сол туралы әңгімелеп атап өтеді. Кітап дүкендері мен кітапханаларда да арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Осындай рухани мерекенің пайда болуына америкалық Эмми Бродмур есімді азамат себепкер болған. Ол өзі – үш баланың анасы әрі балаларға арналған кітаптар сайтының иесі. Бір күні одан кішкентай ұлы «Анашым, адамдар бір-біріне кітап беретін күн неге жоқ?» деп сұрайды. Баласының осы сұрағы Эммидің жаңа мерекені бастауына түрткі болады. Эмми Бродмур сол күні таныстары мен танымал адамдарға жазып, осы күнді насихаттауға кіріседі.

2012 жылдан бері 14 ақпанды Кітап сыйлау күні ретінде білетіндер көбейді.

Zakon.kz сайты 14 ақпан – Кітап сыйлаудың халықаралық күнінде Алматы тұрғындарына сұрақ қойып, осындай мерекені білетін-білмейтінін сұрады. Қала қонақтары мен тұрғындарының көбі 14 ақпан кітап сыйлау күні екенін естімеген екен. Дегенмен сауалнамаға қатысқандар осындай мерекенің болғанына, адамдардың кітап оқитынына қуанатының жеткізді.

14 ақпан – Кітап сыйлау күнін қалай атап өтуге болады?

Алматы Нұр-Сұлтан Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: