Алматыда қар жауды - фоторепортаж

Сурет: Zakon.kz
Кеше ғана оңтүстік астанада сынап бағаны +17°С болса, бүгін термометр көрсеткіші +7°С-ге дейін төмендеп, таңертеңнен бері жаңбыр жауып тұр. Ал кешке қарай алматылықтарды қыпылықтаған алғашқы ұлпа қар таң қалдырды. Табиғаттың тосын құбылысымен Zakon.kz фоторепортажынан таныса отырыңыздар.

Қала тұрғындары температураның күрт өзгерісіне үйреніп қалған. Дегенмен, алғашқы қар баршаға қуаныш сыйлайтыны белгілі.

Сурет: Zakon.kz

Апта басында-ақ синоптиктер Алматы мен Алматы облысының тұрғындарына алда ауа райы суытатынын және жаңбырдың арты қарға ұласуы сипатында жауын-шашын болатынын ескерткен болатын.

"Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын 7-13 қараша аралығында құбылмалы ауа райы күтеді. Аталған кезеңнің басы жылы және негізінен, құрғақ болады, осылай басталған аптаның соңына қарай күн суытып, жаңбыр жауады және түнде үсік жүреді. 12 қарашада кей уақытта жауын-шашын, яғни жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін, әсіресе қаланың жоғарғы бөлігінде. 13 қарашада жауын-шашын тоқтайды, алайда түнде суық болып (-1...-3°С), үсік жүреді", деп ескерткен болатын синоптиктер 6 қарашада.

Сурет: Zakon.kz

Бүгін, 11 қарашада, бір тәулікке жуық жауған жаңбырдан кейін Алматыда жаңбыр соңы қарға ұласты. Алдымен ұлпа қар қаланың жоғарғы бөлігінде ұшқындап жауа бастады, ал біраз уақыттан кейін қар оңтүстік астананың басқа аудандарына да көрініс тапты.

Сурет: Zakon.kz

Айта кетейік, Алматыда 10 қарашаға дейін жазғы жылы ауа райы сақталды. Құрғақ әрі шуақты ауа райы оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын, тіпті өткен демалыс күндері де қуантқан болатын.

Жұмыс күнінің аяқталар тұсында, яғни Алматыдағы кешкі қарбалас сәт ақ қармен көмкерілді.

Сурет: Zakon.kz

Жолдарда көлік кептелісі пайда болып, қоғамдық көліктер адамдарға лық толды.

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін Алматыда толассыз жаңбыр жауып, жолда пайда болған шұңқырға бірнеше автобус түсіп кеткенін жазғанбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Қазақстанда алғашқы медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібі белгіленеді

Қазақстанның 12 өңірінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады: 11 қарашаға арналған жол болжамы