Айбек Дәдебаев ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды

Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Дәдебаевты Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалсын, - делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Дәдебаев ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметінен босатылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды