Бүгін Жанболат Мамай пост жариялап, Бауыржан Байбектің ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау туралы жазған талап-арызы бойынша сот шешімін қайта қарау жөнінде Жоғарғы Сотқа жүгінгені туралы мәлімдеді, деп жазды Айжан Ташенова Facebook-те.
«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам». Адвокат өз ойталқысын осылай бастайды:
Осы арқылы Мамайдың өзі Жоғарғы Сотқа жүгінгенін және оның өтінішін қайта қараудан бас тартқаны туралы бұрынғы барлық мәлімдемелері – толығымен өтірік екенін растап отыр. Менің ойымша, бұл ешкімді де таң қалдырмайды. Біз тағы да өзіне назар аудартуға тырысып, хайп іздеген Мамайдың арзан қойылымын көріп отырмыз.
Заңгер Жоғарғы Сот Инга Иманбаеваның дәл осындай өтінішін қараудан бас тартқанын нақтылайды.
Жоғарғы Соттың қаулысы преюдициялық мәнге ие. Бұл дегеніміз, Байбектің Мамай мен Иманбаеваға талап-арызы бірдей жағдайларға негізделгендіктен, Мамайдың да өтініші қанағаттандырылмайды деп толық сеніммен айтамын. Негіздеме: Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваның маған сенім білдіруші Бауыржан Байбекке қатысты жалған айыптауларына ешқандай да дәлелдің болмауы, деп түсіндіреді заңгер.
Айжан Тәшенова өз жазбасында өткен жылдың сәуір айында Бауыржан Байбек өзінің сұхбатында Жанболат Мамайдың деструктивті әрекеті үлкен қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескерткенін де атап өтеді.
Болған оқиғаның тіпті шектен шыққан арсыздығы да сол – Ж.Мамайдың өз қателігін мойындап, елді көшеге шығуға шақырғанына өкінудің орнына отбасымен бірге шетелге жасырынуға әрекет етуі. Бұл оның өз әрекеттерінің барлық ауыр салдарын түсінетіндігінің дәлелі. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Мамайдың наразылық білдірушілерге жетекшілік етуге тырысқанында оны митингке шыққандардың өздері соққыға жыққаны да нақты көрсеткіш болып табылады. Адвокат Ташенова
Заңгер ең бастысы, Мамай жылдар бойы өз қызметін жазасыз жүргізіп, көптеген мемлекет қайраткерлерін "ауыр күнә жасады" деп дәлелсіз айыптағанын да баса айтады.
Көшелерге шығуға, заңсыз митингілер ұйымдастыруға, полициямен текетіресуге үнемі шақыруларымен Мамай және оның қамқоршылары 2022 жылдың қаңтар айындағы лаңкестік әрекеттерге барлық жағдайды жасады. Тек маған сенім білдіруші ғана Мамай мен Иманбаеваға тек азаматтық тұрғыда талап қою туралы шешім қабылдап, көпшілікке олардың кім екенін және олардың мәлімдемелері жалған екендігін көрсетті. Айжан Ташенова
Адвокат бұл барлығына үлгі боларлық жағдай және болашақта азаматтарымыз өздерінің ар-намысын қорғау үшін сотқа жүгінуден қорықпауы керектігін айтады.
Біздің қоғамда өтірік пен жала жабу үлкен қылмыстарға алып келуі мүмкін екендігін түсіне отырып, біз оларға тосқауыл қоюымыз керек. Айжан Ташенова
2021 жылдың 16 тамызында Алматының апелляциялық соты Бауыржан Байбектің Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваның үстінен ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы берген талабы бойынша Әуезов ауданының №2 аудандық сотының сот шешімін өз күшінде қалдырды. Шешім заңды күшіне енді.