Беларусьта жалпыұлттық референдумды өткізбей тастамақ болғандардың жолы кесілді

Сурет: pixabay
Беларусь Президенті Александр Лукашенконың Жарлығымен елде конституциялық референдум 27 ақпанда өтуі тиіс. 22-26 ақпан аралығында мерзімінен бұрын алдын ала дауыс беруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz

Беларусь ҰҚК қызметкерлері шетелдегі нұсқаушыларының көмегімен конституциялық референдумды болдырмай тастауды жоспарлаған топтарды анықтады. Бұл туралы ҰҚК тергеу бөлімінің бастығы Константин Бычек мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ОНТ.

Олардың әрекеті референдум процесіне, Беларусь Республикасы азаматтарының қоғам мен мемлекетті басқару және атсалысу сынды конституциялық құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіруге бағытталған, бұл ауыр қылмыс әрі экстремизм болып саналады. ҰҚК-ға барлық тапсырыс берушілер, ұйымдастырушылар, орындаушылар, үйлестірушілер және қылмыстық әрекеттердің демеушілеріне дейін белгілі.Константин Бычек

Оның айтуынша, шетелден нұсқаулар алған адамдар бюллетеньдерді бүлдіріп, сайлау комиссияларының мүшелерін қорқытып-үркітуге ниетті. Атап айтқанда, олардың милиция мен соттар атынан жолдаған хаттарда тікелей қауіптер анықталды.

Беларусь елінде конституциялық референдум 27 ақпанда өтеді. 22-26 ақпан аралығында мерзімінен бұрын алдын ала дауыс беруге болады.

Беларусь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді