Украина Ресеймен бейтарап статус туралы келіссөздер жүргізуге дайын – БАҚ

Сурет: Украина президентінің ресми интернет-өкілдігі
Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Украинаның бейтарап келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Украина келіссөз жүргізуге кеңістік қалдырып келді және қалдырады да. Соның ішінде қазіргідей Ресей толық ауқымды шабуылға шыққан кезде де. Бұл соғысты тоқтату қажет. Бұл әскери іс-қимылдарды тоқтату керек», — делінген Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктің мәлімдемесінде.

Ол Украина бейтарап статус туралы келіссөздер жүргізуге дайын екенін, бірақ қауіпсіздік кепілдігі берілуі керек екенін айтты.

Бүгін Мәскеуден олардың не айтқысы келетінін естідік. Егер бейтарап статус туралы сөйлескісі келсе, мұндай талқыдан қорқып отырған жоқпыз. Мәселе Украинаның қауіпсіздігіне кім және қалай кепілдік беретінінде, – деді Михаил Подоляк.

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жолдаған үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция жүргізілетінін хабарлады.

Соғыс басталғаннан кейін Владимир Зеленский Украинаға қарсы соғысты тоқтатуға шақырды.

25 ақпанда Украина президенті Батыс елдері берген уәдеге қарамастан, ел өз мемлекетін қорғауда жалғыз қалды деп мәлімдеді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады