ҚР елшілігі қызметкерлерінің бір бөлігін Киевке кері қайтаратын болды

Сурет: pixabay
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы наурызда Украинадағы Қазақстанның елшілігі уақытша Львов қаласына көшірілді. Сондай-ақ екі қызметкеріміз Польша мен Молдовадағы біздің елдің елшіліктеріне уақытша іссапарға жіберілді.

Елші Дархан Қалетаев жақында кеңесу үшін Қазақстанда болып, оның қорытындысына сәйкес, ендігі кезеңде екі қызметкерді – әскери атташе мен кезекші комендантты Киев қаласына қайтару туралы шешім қабылданды.

Елшіміз бен ондағы басқа қызметкерлер Львов пен Киевтің екі арасында "жүреді", өйткені Киевтегі елшілігіміздің кеңсе ғимараты қажетті жұмыс пен консулдық қызмет көрсетуге бейімделген, сонымен қатар құжат айналымы және тағы басқасы үшін барлық қажетті техникалық коммуникацияларға ие. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Елші қызметкерлерінің Львовқа келіп уақытша орнығуы біздің азаматтарымыз бен қандастарымызды осы қаладан эвакуациялау процесінің жалғасып жатуы, соның ішінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесімен де түсіндіріледі.

ҚР елшілігін Киевке толықтай қайта орналастыру туралы түпкілікті шешімді елшінің ұсынысы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі қабылдайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді