Бұл туралы еліміздегі ғылыми зерттеу институттарының өкілдері мәлімдеді.
Елорда уақыты бойынша сағат 22-00-де дауыс беру құқығы бар азаматтардың 70%-ға жуығы өз мүмкіндігін пайдаланды. Біздің ҚҒЗИ-дың әлеуметтік зерттеулерінде 66,4% нәтиже болады деп есептегенбіз. Нәтиже сай келді десек те болады, тіпті біздің болжамнан сәл болса да асып түсті. Демек, біздің қоғам осы арқылы Президентке және оның Қазақстанды өзгертудегі бастамаларына сенім артатынын аңғаруға болады. Енді өткен 30 жыл бойғы тәжірибені талдап, қателіктерді қайталамай, Отанымыздың дамуы үшін жоғары және нақты мақсаттар қоя отырып, алға жылжитын уақыты келді. Еркін Тұқымов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры
Қазақстанның қоғамдық даму институтының өкілі де осы пікірді нақтылайды.
68,44%! Референдумға халықтың қатысу деңгейі әлеуметтанушылардың болжамдарын растады, тіпті сәл асып түсті! Қоғамдық пікір көп жағдайда позитивті сипатқа ие. Өңірлерде көрініс әртүрлі, алақұла, дегенмен көптеген жыл ішінде алғаш рет халықтың шын мәнінде біртұтастық танытып, Президенттің бағдарламалары мен жоспарларына деген сенімді және жақсы өмірден үмітті екенін көрсетті. Бұл тек бастамасы ғана, алда қазақстандық қоғамның саяси, әлеуметтік және рухани өмірінің барлық бағыттары бойынша көптеген күрделі және ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Референдум өтті! Енді дауыс беру нәтижелерін күтеміз! Ләззат Нұрқатова, "ҚҚДИ" ҰАҚ Стратегиялық талдау тобының жетекшісі