Ильхам Әлиев Ресей Қорғаныс министрлігін сөзінде тұрмады деп айыптады

Сурет: Instagram/presidentaz
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ресей Қорғаныс министрлігін сөзінде тұрмады, уәдесін орындамады деп айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Interfax Azerbaijan" Telegram-арнасы Әлиевтің екінші Қарабақ соғысынан кейінгі 1 жыл 8 ай ішінде армян-әзірбайжан қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру мәселесінде оң сәттер аз төбе көрсететіні туралы айтқан сөздерін келтіреді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғалары бірнеше ай бұрын Әзірбайжанда болғанда біздің Қорғаныс министрлігіне "армян әскері маусымға дейін Қарабақтан шығады" деп уәде берген еді. Міне, шілде айының ортасына келдік, бірақ бұл мәселе өз шешімін таппады. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев

Сондай-ақ Әзірбайжан президенті Армения капитуляция актісіне қол қойған және жеңілген тарап ретінде өзіне алған міндеттемелерін орындауы тиіс деп мәлімдеді. Дегенмен, Әзірбайжан тарапының пікірінше, Еревандағылар мұнысын орындауды қаламайды. Әлиев ресейлік бітімгерлер Арменияға әскерін Қарабақтан әкетуге мәжбүрлемейтінін, ал бұл Баку үшін "қолайсыз жайт" екенін атап өтті.

Егер Армения өз әскерін Әзірбайжан аумағынан әкеткісі келмесе, онда мұнысын ашық айтсын. Сол кезде біз ары қарай не істеу керектігін білеміз. Біздің жауап қандай болатынын? Мүмкін, қазір бұл туралы айту орынсыз шығар. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев
Армения
Ресей
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз