Қарақат Әбден: Бұл – менің жеке шешімім

Сурет: Zakon.kz
8 қазанда ҚР президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын әкеліп тапсырды. Сондай-ақ ол журналистер қойған сұрақтарға да жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйел адам екені көрініп тұр, құжаттардың барлығын рет-ретімен, ұқыптап салыпты, - деді ҚР ОСК аппаратының жетекшісі Әлия Галимова.

Қарақат Әбден ыңғайлы болу үшін барлық құжаттарының нотариальды куәландырған көшірмесін жасатқанын айтты.

БАҚ өкілдерінің бірі одан: "Президент сайлауына қатысу туралы шешімді қалай қабылдадыңыз, Ақордадан хабарласып: "Бізге әйел заты керек болып жатыр" деген сипатта ұсыныс болған жоқ па" деген томпақ сұрақ қойды.

Бұл – менің жеке қабылдаған шешімім. Ешкімнің тапсырмасы немесе кеңесі емес, деп ол жауапты қысқа қайырды.

Сондай-ақ осы сәтті пайдаланып, Қарақат Әбден өз кандидатурасын ұсынған "Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігіне алғыс айтты.

Мен ол адамдардың үмітін ақтауға барымды саламын, - деді ол.

Айта кетсек, Әбден Қарақат Жақсылыққызы - төрт баланың анасы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі. Ақмола облысында 1974 жылы дүниеге келген.

Мемлекеттік лауазымды қызметтерде істеген, тәжірибесі бар, атап айтқанда, Салық комитетінің орталық аппаратында, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам еңбек еткен. Астана қаласының VI шақырылымдағы мәслихат депутаты болған.

Бөбектер үйі мен балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйінің 15 тәрбиеленушісінің менторы, тәлімгері.

Айта кетсек, бүгін ОСК Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын талаптарға сай деп шешті. Сондай-ақ Мейрам Қажыкен президенттікке кандидат болуға сай деп танылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады