"Ұлттық қордың активтері 100 миллиард долларға дейін ұлғайтылады. Қазақстан халқына заңды түрде тиесілі барлық нәрсе олардың мүддесіне қызмет етеді. Осы мақсатта қорды тиімді басқаруды қамтамасыз етіп, оның инвестициялық кірісін арттырамыз.
Өңдеу секторын нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту және энергетикалық қуаттарды арттыру бірінші кезектегі міндет болмақ. Біз аграрлық секторға қуатты серпін беріп, базалық салаларды нығайтып, жоғары өңделген өнім шығаратын жаңа өндірістерді құратын боламыз. Біз теңгерімді және ашық салық, бюджет, ақша-несие және тариф саясатын жүргізетін боламыз. Біз инфляцияны тежеу үшін жүйелі шаралар қабылдаймыз. Дәл осы экономика халқымыздың әл-ауқатының тұрақты өсуіне негіз болады. Әділ, ашық, түсінікті салық салуды қамтамасыз ету үшін жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Сән-салтанат тауарларына қосымша салық ставкалары енгізіледі. Біз мемлекеттік қолдау алу кезінде бизнестің өзара міндеттемелерін белгілеу арқылы қызметкерлердің жалақысының өсуін ынталандыратын боламыз. 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне қарай ең төменгі жалақыны көтеру механизмі енгізіледі. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 4,7 миллион адамға жетеді. Президент