Жигули Дайрабаев: Қазақстан аграрлық державаға айналуы керек

Сурет: Zakon.kz
"Хабар" арнасындағы теледебат кезінде ҚР Президенттігінен үміткер, "Ауыл" партиясының өкілі Жигули Дайрабаев дала демократиясы, жоғары рухани-адами мәдениет пен қуатты аграрлық салаға негізделген жаңа Қазақстанға қол жеткізуге тырысатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ ол ауылды қарыштатып дамыту арқылы елімізді дастарханы сапалы және бағасы қолжетімді отандық өніммен толтырылатын аграрлық державаға айналдыруға нық бекінгенін жеткізді.

Ол жемқорлықпен күресті адами-рухани тәрбиеден бастау қажеттігін де атап өтті.

"Аналардың көңілі далада емес, балада болуы керек. Ана тілінің мәртебесін арттыру қажет, мемлекеттік тілді барлық салаға терең енгізуіміз тиіс, жастарды еңбекке баулып, ұлттық құндылықтар мен аға буынға құрметті арттырамыз. Егер маған мүмкіндік берілсе, осының барлығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдеуге дайынмын. Қазақстан еңбеккерлері жасасын", - деді Дайрабаев жарыссөзде.

Сөз соңында ол сайлауалды бағдарламасын таныстыруға өте қысқа уақыт берілгеніне қынжылыс білдірді.

Айта кетсек, Қазақстан Президентінің мерзімінен тыс сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек