Тұрсынбекова Қажыкеннен артында кімдер тұрғанын сұрады

Сурет: видеодан алынды
Президенттіктен үміткер Салтанат Тұрсынбекова 11 қарашадағы телевизиялық дебат кезінде қарсыласы Мейрам Қажыкеннен артында кімдер тұрғанын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрсынбекова осында тұрғандардың көбісін танитынын, бірақ ол туралы мәлімет өзінде аз екенін айтты. Сондайақ ол Қажыкеннің компаниясы да көңілге қонымсыз екенін жеткізді.

"Қажыкен мырза, Сіз кімсіз? Сіздің артыңызда кімдер тұрғанын білуге болады ма?" Салтанат Тұрсынбекова

Өз жауабында Мейрам Қажыкен түрлі ғылыми конференцияларға қатысып жүргендіктен, басылымдағы мақалалары арқылы да әріптестері, сол секілді шетелдегі әріптестері де өзін жақсы білетінін жеткізді.

Ол өз ортасында, кәсіби мамандар арасында танымал екенін атап өтті.

Менің артымда кімдер тұр деген сұраққа келетін болсақ. Менің артымда кәсіподақтар тұр. Солар мені ұсынған. Мені ұсынып, президенттік сайлауға түсуімді сұраушы - 1 миллион 100 мың адам. Мейрам Қажыкен
Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі