Тоқаев ертең Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Ақорда, Тоқаев, Жолдау, Қазақстан халқы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2026 18:00 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 27 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі".

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 28-30 қазанда Түркия Республикасына ресми сапармен бараатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: