Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барады
Сурет: Anadolu Agency
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың нақтылауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары 28-30 қазан күндеріне жоспарланған.
"Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады", делінген хабарламада.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа Республика күніне орай АҚШ президенті Дональд Трамптан құттықтау жеделхаты келіп түскені, Америка басшысы желтоқсан айында өтетін G20 саммитінде Қазақстан президентімен кездесуді асыға күтетіні хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript