Салтанат Тұрсынбекова мен Қарақат Әбден сексизм турасында дауласып қалды

Сурет: Хабар ТВ
Қазақстан Президенттігіне ұсынылған үміткерлер Қарақат Әбден мен Салтанат Тұрсынбекова телевизиялық дебат кезінде қайсысы президент болуға лайық екендігін анықтауға тырысып, өзара сөз қағыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар" арнасының тікелей эфирінде Қарақат Әбден қарсыласына төтесінен сұрақ қойды.

Салтанат ханым, халықпен кездескен кезде бірталай сынға алып, мені президенттікке лайық емес депсіз. Барлығы біледі, мен жүрген жерімде қазақ қыздарының абыройы мен деңгейін көтеріп, насихаттап жүремін. Ал Сіз болсаңыз, Қажыкен мырзаның артынан ілесіп, "сексист" принциптерін қолдап жүрген сияқты көрінесіз. Сұрағым: Бұл сіздің өмірлік позицияңыз ба, қалай? ҚР Президенттігінен үміткер Қарақат Әбден

Салтанат Тұрсынбекова өзінің заңгер екенін алға тарта отырып, адам құқығын қорғамаса, оны бұзбайтынын жеткізді.

"Меніңше, Сіз мені бекер айыптап тұрсыз. Мен әрдайым әйелдердің құқықтарын қорғап келемін. Сіздің айтқаныңызды толықтай түсінбедім. Оған бас ауыртпас бұрын, мүмкін атқа мініп, даланы аралап, дағдарыс орталықтарына соғып, әйелдерге бірге көмектессек, қалай қарайсыз?". ҚР Президенттігінен үміткер Салтанат Тұрсынбекова
Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі