Мейрам Қажыкен Шахтинскідегі қайғылы оқиға орын алған шахтаға неге бармағанын айтты

Сурет: Facebook/meiram.kazhyken
Телевизиялық дебат кезінде көрермендердің бірі президенттіктен үміткер Мейрам Қажыкеннен Шахтинск қаласында Ленин шахтасында қайғылы оқиға орын алғаннан кейін апат орнына неге бармағанын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мейрам Қажыкен ондай жоспары болғанын, бірақ жеме-жемге келгенде этикалық себептерге байланысты ол жерге бармай қалғанын айтты.

"Қайғы-қасірет орын алған қалаға қалай аяғыңыз тартады? Ал бардық делік, марқұмдардың туған-туыстарына, жақындарына қай бетімізбен қараймыз? Біз одан хайп жасағымыз келмеді, сапарды кейінге қалдырдық. Ертең сағат 10-да біз Теміртауға барамыз. Сонда кездесу жоспарланған, тура сол кезде осындай өткір мәселелерді қозғаймыз". Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен

Мейрам Қажыкеннің айтуынша, олар өткен жылдан бері өнеркәсіптік компаниялардағы өлім-жітім мәселелерін көтеріп келеді. Петицияға қол жинап келеді. 20 қаңтарда осы жазатайым оқиғаларға қатысты Мемлекеттік тергеу жүргізуді талап ететін петиция жарияланды, мыңдаған адамдар кәсіпорындарда жарақат алады.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді