Ғасырдың құрдасы атанған әже сайлауға 7-рет қатысып отыр

Сурет: Тараз әкімдігі
Таразда 100 жасаған қария Кулия Усенова кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 қарашада сайлау учаскесіне халықтың әр санатындағы азаматтар келіп, белсенді болып жатыр. Соның бірі – ғасыр жасаған қария Кулия Усенова. Ол президент сайлауына 7-рет қатысып отырғанын айтты.

Бәрімізге белгілі, сайлау – азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны. Сондықтан бүгін өтіп жатқан кезектен тыс президент сайлауы – еліміз үшін өте маңызды әрі жауапты кезең. Мен биыл президент сайлауына 7-рет барып өз дауысымды бердім. Балаларыма да үлгі ететін әдетім – осы. Бұл өзіңді азамат ретінде қалыптастырудың ең алғашқы баспалдағы. Біздің болашақ – біздің ұрпақ. Біз оған жауапкершілікпен қарауға міндеттіміз.Кулия Усенова

Қарт әженің айтуынша, қазіргі жағдайда елімізде кезектен тыс сайлау өткізудің мәні зор. Бұл саяси бастама еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін және мемлекетіміздің бағыт-бағдарын, даму жолын одан әрі жалғастыру үшін жасалған нақты қадам.

Өйткені президент ел дамуының ішкі-сыртқы даму бағдарын айқындап, мемлекетімізді халықаралық аренаға танытып, ҚР егенмендігі мен тәуелсіздігін қорғау туралы шешім қабылдайды. Бұл жолғы сайлау еліміздегі ортақ мақсаттың, татулықтың, ауызбірліктің, болашаққа деген толық сенімнің көрінісі болады деп сенемін. Сондықтан да ел тағдырын шешетін маңызды саяси науқанға бейжай қарауға болмайды. Осыған орай мен бүгінгі маңызды науқанға қатысу үшін сайлау учаскесіне арнайы келіп, даусымды бердім. Саяси додада ел сеніміне ие болған лайықты үміткер жеңіске жетіп, мемлекетіміздің бұдар арғы дамуына бар күш-жігерін салады деп ойлаймын.Кулия Усенова
Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты