Қабатов 22 жылдан кейін өзінің туған қаласында алғаш рет дауыс беріп тұрғанын айтты.
"Мен бұрын өскен ауылымда дауыс беретінмін. Кейін елордаға көштік. Бүгін араға көптеген жыл салып өз туған жерімде саяси таңдау жасағаныма қуаныштымын. Қазақ халқының тарихындағы жаңа кезеңнің бастауына өз үлесіңді қосу – бұл өскелең ұрпаққа үлгі болатыны және біздің қадір-қасиетімізді арттыратыны сөзсіз", - деді ол.
Тұрсынбек Қабатов ел тағдырындағы шешуші сәтте туған жеріне, кіші отанына деген сүйіспеншілігін осылайша білдіріп, ел болашағына деген ерекше сезімдерін байқатты.
Сурет: Орал әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, Орал қаласының сайлау учаскелерінде сәттілік бұйырған сайлаушыларға Тұрсынбек Қабатовтың концертіне тегін билеттер табысталды.
Бұл шара сайлауға келген оралдықтардың қызығушылығын туғызып, аса қуантты.
Айта кетсек, Тұрсынбек Қабатов – Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылының тумасы.