Депутаттарды сайлауға арналған бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген баған болады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, cенат, мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс беруге арналған бюллетеньдер «Барлығына қарсымын» деген бағанмен толықты.

«Өзіңіз дауыс беретін кандидаттың аты-жөнінің оң жағындағы бос ұяшыққа немесе «Барлығына қарсымын» жолының оң жағындағы ұяшыққа кез келген белгіні қойыңыз». Мұндай баған жаңа бюллетеньде болады.

Өзгерістер мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын іске асыруға байланысты енгізіліп жатыр.

Құжат Ашық НҚА веб-сайтында 9 желтоқсанға дейін жарияланған.

Сонымен қатар ҚР Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізетін және оған жаңа өкілеттіктер беретін мемлекет басшысының жарлығының жобасы дайындалды. Атап айтқанда, ОСК өз құзыреті шегінде бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құрады және олардың шекарасын белгілейді, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізбесін және олар туралы мәліметтерді жариялайды деген тармақ қосылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді