Тимур Тілегенов Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болды

Сурет: Азаматтық авиация комитеті
9 қаңтарда өткен жедел кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Сыртқы істер министрлігі Азаматтық авиация комитетінің жаңа орынбасары Тимур Тілегеновті таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған хабарламада оның бұл қызметке президент әкімшілігімен және үкімет аппаратымен келісе отырып, меритократия қағидаты негізінде тағайындалғаны айтылған.

Тимур Тілегенов 2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы ҚР президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2021 жылы Францияның Ұлттық азаматтық авиация мектебін (ENAC) әуе көлігін басқару мамандығы бойынша бітірген.

Сонымен қатар 2009 жылдың қазан айынан 2019 жылдың қазан айына дейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінде сарапшы, бас сарапшы, бас сарапшы – халықаралық қатынастар және әуе қатынасы жөніндегі аға мемлекеттік авиация инспекторы қызметтерін атқарғаны атап өтілді.

Комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Әуе тасымалы және халықаралық әуе қозғалысын реттеу департаментінің басшысы қызметін атқарған.

4 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды