Бұл жайында партия көшбасшысы Айдарбек Қожаназаровтың әлеуметтік желідегі жазбасынан белгілі болды.
"Бүгін Орталық сайлау комиссиясы бюрократиялық кідірістерге байланысты менің досым, нағыз патриот, Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау Мəжіліс сайлауынан ресми түрде шеттетті.⠀Бәлкім, формальдылық маңызды шығар, бірақ ол өте лайық кандидат болды", деп жазды ол Facebook-те.⠀
Сондай-ақ ол Сырымбектің Қазақстан халқына деген шынайы махаббатын әркез байқайтынын жеткізді.
"Пандемия кезінде оның компаниясы Алматыдағы 9800 отбасына азық-түлік көмегін көрсетті, "Біз біргеміз" және "Шұғыла" қайырымдылық қорларына қаржы бөлді. Сондай-ақ, "Тау шаңырақ" қайырымдылық қорының құрылтайшыларының бірі, Талғар қаласындағы балаларды оңалту орталығының құрылысына қаржы бөліп, Арыс қаласы мен Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен 100 тұрғынына көмек көрсетті. Сырымбек нөлден бастап жеке кәсібін көтеріп, 600 жұмыс орнын ашты, мемлекет бюджетіне 10 миллиард теңгеден астам салық төледі", - деп атап өтті партия төрағасы.
Оның айтуынша, партия қол қусырып қарап отырмайды.

Бұған дейін Respublica партиясы Мәжіліс сайлауына кандидаттар ұсынғаны хабарланған болатын.
30 қаңтарда ҚКП кезектен тыс съезінде Мәжіліс депутаттығына кімдердің кандидатурасын ұсынатыны белгілі болды.
1 ақпанда "Ақ жол" демократиялық партиясының съезінде сайлауалды тұғырнаманың негізгі қағидаттары жарияланып, сондай-ақ партиялық және бір мандатты тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың есімдері айқындалды.
2 ақпанда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 19 кандидатты партиялық және алты кандидатты бір мандатты тізім бойынша ұсынды.
3 ақпанда "Байтақ" партиясы Мәжіліске партиялық тізім бойынша ұсынатын өз кандидаттарының аты-жөнін жариялады.