"Сапар аясында топ төрағасы Ойген Шмидт пен оның әріптестері Томас Барайсс, Кристиан Горке және Кристиан Шрайдер Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярмен, сондай-ақ Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіровпен кездесті. Германия Бундестагының депутаттарының ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен да кездесуі және оның барысында Қазақстан-Германия қарым-қатынастары мен халықаралық күн тәртібіндегі басым мәселелері бойынша пікір алмасу жоспарлануда". Айбек Смадияров
Оның айтуынша, 2023 жылғы 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы тұрғысында неміс тарапы "Әділетті Қазақстанды" құру аясындағы саяси және әлеуметтік өзгерістердің ауқымды бағдарламасы туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады.
Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы тығыз саяси диалогты құптады.