Қымбат көлік пен мейрамханадан фото: Қазақстанда мемлекеттік қызметкер өзін қалай ұстауы керек

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерге қандай талаптар қойылады? Осы сауалға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы Ильдар Үйсімбаев жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ильдар Үйсімбаев мемлекеттік қызметкер ең әуелі өзінің функционалдық міндетін мінсіз атқаруы керек екенін жеткізді. Сонымен қатар оған еңбекке адал, әдепті және әділ көзқарас қажет.

Жұмыстан тыс уақытқа қатысты мінез-құлық талаптары бар. Мемлекеттік қызметкер өзі сынға ұшырамауы үшін қарапайым және жалпы қабылданған моральдық принциптерді ұстануы керек.

"Бізден жиі "Мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желіде жеке парақшасын жүргізуге құқылы ма?" деп сұрайды. Иә, оның бұған құқығы бар. Бірақ әлеуметтік желідегі парақшаның мазмұнына қатысты атап кететін талаптар бар. Мемлекеттік қызметкер азаматтардың және мемлекеттің аппаратының сеніміне нұқсан келтірмеуі керек. Қымбат көліктер мен сәнді ғимараттардың немесе мейрамханалардың фонында түскен, ойын-сауық мекемелеріндегі фотоларды жариялаудың қажеті жоқ", - деді басқарма басшысы Ильдар Үйсімбаев.

Оның айтуынша, кейінгі жылдары мемлекеттік қызметте бірқатар реформа жүргізілді. 2015 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметтің мансап үлгісінің негізгі қағидаттары белгіленген мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Ал егер бұрын мемлекеттік қызмет позициялық болса, енді ол меритократия қағидаттары іргелі болып табылатын мансаптық модельге көшті.

16 ақпан күні Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин сенат отырысында Қазақстанда тігілген киімнен не кигені туралы сұраққа пікір білдіруден бас тартты.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме