СІМ Тоқаев пен Мирзиёевтің Шымкенттегі бейресми кездесуіне қатысты пікір білдірді

Сурет: akorda.kz
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Өзбекстан мен Қазақстан президенттерінің кез келген уақытта кездесіп, арадағы мәселелерді ағайындылар секілді талқылай беретіні жақсы екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияров Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуіне қатысты пікір білдірді. Ол Өзбекстан - біздің ең жақын серіктестеріміздің бірі екенін және қос елдің басшылары Өзбекстанмен шекарада орналасқан миллиондаған адамы бар Шымкентте кездесуге шешім қабылдағанын атап өтті.

"Бізде осы бағытта сауда, транзиттік әлеует, мәдени байланыстар өте белсенді дамып келеді. Сондықтан кездесудің Қазақстанның басқа қаласында емес, Шымкентте болғаны кездейсоқтық емес. Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары кез келген уақытта осылай кездесіп, көршілес, бауырлас болып кейбір мәселелерді талқылай алатындығы қуантады". Айбек Смадияров

Тоқаев пен Мирзиёевтің кездесуі 3 наурызда өтті. Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары өзара сенім, достық және тату көршілік рухта екі елдің одақтастық қатынастарының қазіргі жағдайы мен оны әрмен қарай нығайту перспективаларын жан-жақты талқылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды