Ресейдің Омбы облысында инфекция жұқтырғандар төрт есе көбейді

Сурет: Zakon.kz
Ресейдің Омбы облысында жетінші апта қатарынан коронавирус жұқтырғандардың саны артып барады. Індетке шалдыққандар 4 есе көбейген.

Омбы облысында омикронның мутацияға ұшыраған түрі тіркелді. Вирус жылдам тарайтындықтан, науқас саны бірден артқан. Бір күнде 200-300 адамнан қауіпті инфекция анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан 1 наурыздан бастап вирусты алдын алу үшін шектеу шаралары қабылданды. Яғни бірқатар мекемелерде карантин жарияланса, қоғамдық орындарға маскасыз кіргізбейді.

Коронавирус барлық әлемге тарап жатқандықтан, өте қорқынышты. Біз вакцина салдырдық. Иммунитет қалыптастырады деп үміттенеміз. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтап жүрміз, дейді Наталья Соболь, Омбы қаласының тұрғыны.

Қазір Ресейдің 85 өңірінде вакцнация қайтадан қолға алынды. Екпе қабылдағандардан ревакцинация талап етілуде, яғни үшінші рет салуы тиіс. Ал коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханалар 90 пайызға толған. Сондықтан кей өңірлер қайтадан инфекцияның бар-жоғын анықтайтын ПТР тест талап етуі мүмкін.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін