Талдықорғандықтар сайлауға түйемен келді

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласының № 419 сайлау учаскесіне түйешілер түйемен келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түйешілер қатарында 35 жастағы Байзақов Ұлан да бар. Ол соңғы 15 жылда түйе бағумен айналысып келеді. 

Ол демалыс күндері түйесін орталық саябақтарға алып шығып, адамдарды түйемен қыдырдып, қызмет көрсетеді.

"Бүгінгі сайлауға ертемен келіп дауыс бердім. Себебі атқаратын шаруам көп", – дейді Ұлан Байзақов.

Қазақстанда 19 наурыз, жексенбі күні Парламент мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлау басталды. Сайлау учаскелерінің көбі таңғы сағат 7:00-де ашылды. 19 наурызда Астана уақыты бойынша 20:00-ге дейін 12 миллионнан астам азамат дауыс бере алады.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады