Мәжіліс сайлауы: Шетелдегі сайлау учаскелерінде қанша қазақстандық дауыс берді

Сурет: Zakon.kz
ҚР ОСК мәліметінше, шетелдегі сайлау учаскелерінде шамамен 5 мың қазақстандық дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шетелде жүрген отандастарымыздың 42 пайызын құрайды. Жалпы, шетелде жүрген азаматтарымыздың саны - 12 016.

Бүгін сағат 18:00-дегі жағдай бойынша шетелдердегі 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады және қазір 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр.

"12 халықаралық ұйым мен 41 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік байқаушылардың жалпы саны 793 адамды құрады. Сонымен қатар сайлауды бақылауға 246 шетелдік журналист қатысуда. Астана мен Алматы қалаларында "Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталықтары" ашылды. Аталған орталықтар барлық қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген және бүгін таңертеңнен бастап байқаушылар брифингтер мен конференциялар форматында өз пікірлерін білдіріп жатыр". ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко

Жалпы, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады.

62 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктері жанында 77 сайлау учаскесі орналасқан.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты