Сағат 20:10-дағы жағдай: Қазақстан халқының 54,09%-ы дауыс берді

Сурет: Zakon.kz
ҚР ОСК мәліметтері бойынша, Қазақстанның 15 өңірінде Мәжіліс пен өңірдегі мәслихаттарға дауыс беру аяқталды. Қазақстанның 6 509 695 азаматы өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 20.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 % бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

1.             Абай облысы бойынша –57,02%

2.             Ақмола облысы бойынша –60,01%

3.             Ақтөбе облысы бойынша –57,45%

4.             Алматы облысы бойынша –60,03%

5.             Атырау облысы бойынша –50,22%

6.             Батыс Қазақстан облысы бойынша –59,01%

7.             Жамбыл облысы бойынша –65,21%

8.             Жетісу облысы бойынша –55,32%

9.             Қарағанды облысы бойынша –59,48%

10.           Қостанай облысы бойынша –65,10%

11.           Қызылорда облысы бойынша –66,46%

12.           Маңғыстау облысы бойынша –54,08%

13.           Павлодар облысы бойынша –58,68%

14.           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –65,25%

15.           Түркістан облысы бойынша –53,01%

16.           Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

17.           Шығыс Қазақстан облысы бойынша –64,15%

18.           Астана қаласы бойынша –42,91%

19.           Алматы қаласы бойынша –25,82%

20.           Шымкент қаласы бойынша –45,46%

Уақыт белдеуінің айырмашылығына байланысты Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де аяқталады.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы Қазақстанда 19 наурызда сағат 7:00-де басталды. Еліміз бойынша барлығы 10 146 учаске жұмыс істеді.

ҚР ОСК деректері бойынша, 5 мыңға жуық қазақстандық шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берді. Сондай-ақ, шетелде 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. Ондағы 66 учаске әлі жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды