Израильдегі отандастарымызды эвакуациялау мәселесін екі елдің СІМ басшылары талқылады

Телефон арқылы сөйлесу, Қазақстан СІМ басшысы, Ермек Көшербаев, Израиль, Гидеон Саар , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2026 17:59 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуалды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды, делінген 2026 жылғы 9 наурыздағы министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сұқбат барысында Ермек Көшербаев израильдік әріптесіне Израильде жүрген ҚР азаматтарын эвакуациялауға жәрдем көрсету туралы өтініш білдіріп, бұл мәселе еліміз үшін басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Гидеон Саар Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешуге бар күш-жігерін салатынын жеткізіп, бұл мәселені өзінің жеке бақылауына алатынына сендірді.

Бұған дейін Қазақстан мен Кувейттің cыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылағаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: