Бас прокуратура сайлау заңнамасын бұзудың 25 фактісін анықтаған

Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин телемарафон кезінде сайлау күні заңнаманы бұзудың 25 фактісі анықталғанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарғазин бүгін күн ішінде 25 адам заң бұзғанын айтты. Оның сөзінше, олардың бұл әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша сараланған.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша "Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) беру" бойынша 15 тұлғаға қатысты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 108-бабы бойынша 6 тұлғаға және 102-бабы бойынша 4 тұлғаға қатысты. Оның ішінде қазіргі таңда 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған 10 кінәліге қатысты материалдар жинау шаралары жүргізіліп жатыр. Бірде-бір заң бұзу фактісі жауапсыз қалмайды". Азамат Сарғазин

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, 54,19% немесе 6 521 860 сайлаушы дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 5 мыңға жуық қазақстандық шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз