Смайылов жаңа министрге энергетика саласындағы басым міндеттерді атап көрсетті

Сурет: primeminister.kz
4 сәуірде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жаңадан тағайындалған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті ведомство ұжымына таныстырып, алдағы кезеңге арналған энергетика саласындағы басым міндеттерді белгіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы Энергетика министрлігі мына үдеден шығу керектігін атап өтті:

- ірі мұнай-газ жобалары мен экспорттық көлік дәліздерін дамыту жұмыстарын күшейту;

- газды қайта өңдеуді ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау;

- жылу және электр энергиясын өндіру секторын нығайту;

- сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамытуды жалғастыруы қажеттігін атап өтті.

"Соңғы кезде көп жылдар бойы қордаланып келген кейбір мәселелердің беті ашылуда. Дизель отынының жетіспеушілігі, электрмен және газбен жабдықтаудағы ақаулар, жылумен жабдықтау объектілеріндегі апаттар – осының бәрі энергетика саласында елеулі проблемалардың бар екенін көрсетіп отыр. Олардың барлығы жедел түрде шешілуі керек", — деді Әлихан Смайылов.

Осы орайда Үкімет басшысы министрліктің басты міндеттерінің бірі ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру екенін, осыған байланысты олардың өндірісі мен айналымын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

"Министрліктің алдында көптеген күрделі мәселе тұр, олардың тиімді шешілуі отын-энергетика саласына ғана емес, бүкіл экономикамыздың болашағына тікелей әсер етеді. Алмасадам Майданұлы өзінің білімі мен тәжірибесін энергетика саласын дамытуға жұмсайтынына сенімдімін. Жалпы бәріміз Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын бірлесіп және сапалы орындауымыз керек. Жаңа министрге және бүкіл ұжымға табысты жұмыс тілеймін", — деді Премьер-министр.

Бүгін, 4 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрін жаңадан тағайындады. Құзырлы ведомствоны Алмасадам Сәтқалиев басқаратын болды.

Қазақстан
Сәтқалиев Алмасадам
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты