Мұрат Нұртілеудің Ресейге сапарына қатысты РФ СІМ пікір білдірді

Фото: zakon.kz
РФ Сыртқы істер министрлігі ҚР СІМ басшысы Мұрат Нұртілеудің алдағы Ресейге сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, бұл - осы жауапты лауазымға тағайындалғаннан кейінгі Мұрат Нұртілеудің алғашқы ресми сапары.

РФ СІМ хабарламасында жаңа министрдің алғашқы шетелдік сапары ретінде Мәскеуді таңдауына жоғары баға берілетіндігі айтылған.

Бұл қадам Ресей мен Қазақстанның одақтастық рухына сай келетіні де атап көрсетілген.

"Алғашқы шетелдік сапар ретінде Ресей Федерациясының таңдалуы екі елдің одақтастығы мен стратегиялық серіктестігі рухына, тату көршілік қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстарға сай келеді",  делінген РФ СІМ хабарламасында.

ҚР СІМ басшысының РФ-ға сапары 10-11 сәуірге белгіленген. 

Нұртілеу мен Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың келіссөздері болады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Ресей мен Қазақстан СІМ арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою рәсімі болады деп күтіледі. 

Мұрат Нұртілеу 2023 жылдың 3 сәуірінде Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды