Депутат сарбаз қаза болған жағдайда әскери бөлімдердің басшыларын сотқа тартуды ұсынды

Сурет: unsplash
ҚР парламенті сенатының депутаты Геннадий Шиповских сарбаз қаза болған жағдайда әскери бөлімдердің басшыларын сотқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Геннадий Шиповских қоғамды бейбіт уақытта әскери қызметкерлердің қаза табу фактілері алаңдатып отырғанын айтты.

"Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ұсыныс айтқым келеді. Егер облыста бір сарбаз қайтыс болса немесе кейбір сарбаз мүгедек болып қалатындай жағдай болса, менің жеке пікірім бойынша мұндай бөлімдердің бірінші басшылары жауапқа тартылуы керек. Тіпті мүмкін трибуналға дейін жеткіземіз. Сонда ғана бізде тәртіп орнайды", - деді ол.

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев депутаттың ұсынысы талқыланатынын айтты.

"Бөлім командирлерінің бұл іске қылмыстық қатынасы дәлелденсе, белгіленген заңнама аясында тиісті жазасын алады. Қылмыстық абайсыздық анықталса, әрине, жауапкершілік те болады", - деді ол.

Бұған дейін ол әскердегі суицид көлемі туралы айтқан еді. Қазиевтің мәліметінше, суицид көбіне әскерде болды деген ақпарат ресми деректермен дәлелденбейді.




Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді