Даниял Ахметов "Өскемендегі жердің бәрі әкімге тиесілі" деген әңгімеге пікір білдірді

Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысында Даниал Ахметов экс-мәжілісмен Берік Дүйсембиновтың Өскеменнің айналасындағы жердің барлығы оған тиесілі деген сөзіне түсініктеме берді. Ол мұны "бос сандырақ" деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі мәжіліс экс-депутатының сөзін жоққа шығарды.

"Бір депутат Өскеменнің төңірегіндегі жердің барлығын менікі деді. Бұл бос сөзден басқа ештеңе де емес. Осылай дер едім. Бұл ақпарат расталған жоқ. Сондықтан бұл сұраққа менің баспасөз қызметім, Жер қатынастары комитеті толық жауап берді".Даниал Ахметов

2022 жылдың 28 желтоқсанында "Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы" заң жобасын талқылау барысында мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов қайда барса да, жер әкімдердің меншігінде екенін мәлімдеді. Ол мысал ретінде Шығыс Қазақстан облысын келтіріп, "Өскеменнің айналасындағы жердің барлығы Даниал Ахметовтікі" деді.



Қазақстан
Ахметов Даниал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды