Мәжіліс Кеден одағының арнайы экономикалық аймақ туралы келісімге енгізілген өзгерістерді ратификациялады

Сурет: senate.parlam.kz
Мәжіліс депутаттары палатаның 3 мамырдағы жалпы отырысында ЕАЭО еркін экономикалық аймақтары туралы заң жобасын ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Заң жобасы 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға бағытталған.

Хаттамаға Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында 2021 жылғы 19 қазанда қол қойылған.

Хаттаманың негізгі мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартты негізге ала отырып және ЕАЭО Кеден кодексі туралы шарттың ережелерін назарға ала отырып, келісімнің мәтіні мен бірқатар баптарына өзгерістер енгізу.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев атап өткендей, хаттама құқықтық және редакциялық өзгерістерді, оның ішінде негізгі терминология мен кедендік реттеу мәселелерін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің нормаларына сәйкес үйлестіруді көздейді.

Осылайша «Кеден одағының комиссиясы» ұғымы осы заңның мәтініне сәйкес «Еуразиялық экономикалық комиссия» деген сөзбен, сонымен қатар «Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағы» сөзі «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы» деген ұғыммен ауыстырылды.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды