Сенатор суармалы егістіктердегі су тиімсіз жұмсалатынын айтып, реттеу шараларын ұсынды

Сурет: senate.parlam.kz
ҚР парламент сенатының отырысында депутат Закиржан Кузиев өз депутаттық сауалында су үнемдеу технологиясын енгізуді ынталандыру және су тұтынуды тиімді реттеу шараларын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, суармалы судың 60%-ға дейінгі көлемі ескірген магистральдық желіде жоғалады. Суармалы егістіктердегі су тиімсіз жұмсалады. Суды пайдалануды басқарудың ұйымдастыру құрылымына байланысты кемшіліктер және су пайдаланушылардан түскен қаржының тиімсіз жұмсалуы оның негізгі себебі болып отыр.

"Іс жүзінде фермер үшін қажет болған кезде жердің шамамен 30%-ы қажет су мөлшерімен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде суармалы жерлердің өнімділігіне әсер етеді. Сонымен қатар суарылатын жердің негізгі бөлігіне жататын 75,8% немесе 1,1 млн гектардан астам аумағы әлі күнге дейін жер үсті әдісімен суарылады. Мұндай ескірген суару желісімен жеткізілетін судың 60%-дан астамы жоғалады. Бұл әдіс мүлде тиімсіз", - деді сенатор.

Сенатор арналар мен су қоймаларын қалпына келтіру, сонымен қатар фермерлерді суды үнемдеу технологиясына тезірек көшуге ынталандыру жағдайды жақсартуға көмектеседі деп санайды. Кузиев толықтай жабық тізбекті жаңа суару желісін қалпына келтіру және салу бағдарламасын іске қосуды ұсынып отыр.

"Судың құбыр немесе бетон арналары арқылы суару учаскелеріне, есептегіштер орнатылған жерлерге жетуіне кепілдік берілуі керек. Барлық облыс бойынша алаңдарды белгілей отырып, су үнемдеу технологиясын енгізу жөнінде жол картасын әзірлеу және бекіту керек. Барлық ирригациялық арна мен су қоймасына тексеру жүргізу, оның қорытындысы бойынша иесіз каналдар мен су айдындарын мемлекет меншігіне қайтару керек", - деді Закиржан Кузиев.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін