Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған бұл заң бүгін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
Шартқа келесідей өзгерістер мен толықтыруларды енгізу ұсынылған: шарттың тиісті бабына өзара құқықтық көмек көрсету кезіндегі қатынастарды жүзеге асыратын құзыретті органдарды айқындауды, оған қатысты дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін хабардар етуді көздейтін өзгеріс енгізіледі. Екі мемлекеттің қолданыстағы заңдарындағы өзгерістерге байланысты "сот шешімдері" терминіне қосымша "сот бұйрығы" түсінігін енгізу арқылы, сот шешімдерін орындау және берешектерді өндіріп алу мәселелеріне қатысты рәсімдерді реттеледі.
Сондай-ақ қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты құзырет Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына берілуіне байланысты аталған шарттың 28-бабының күші жойылады. Сондай-ақ ішкі істер органдары құзыретінің алып тасталуына байланысты аталған шарттың тиісті бабына түзетулер енгізілген.
Шарт Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсетудің тәртібі мен талаптарын айқындайды, сондай-ақ әрбір Тараптың аумағында құрылған жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Шарттың 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы тарапынан құзыретті мекемелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы болып табылады. Қырғыз Республикасы тарапынан құзыреті мекемелері Қырғыз Республикасы Әділет министрлігі, Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасы және Сот департаменті болып табылады.