Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шарттағы түзетулерге қол қойды

Сурет: gov.kz
12 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шарттағы түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысы "1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорданың ресми сайты жариялаған хабарламада.

Құжат ішкі істер органдарының қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсету құзыретін алып тастады. Енді бұл функция Бас прокуратураға тиесілі.

Сонымен қатар түзетулер мыналарды көздейді:

Хаттаманы ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының құқығын қорғауға бағытталған азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады