Елімізде орман өрті 55% жағдайда найзағай разрядтарынан тұтанған

Ал 12 өрт жағдайы тұрғындардың кінәсінен болған. Бұл туралы 16 мамырдағы үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы - 30,9 млн гектар. Оның 25,2%-ы (7,79 млн.га) Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауында, ал қалған 73,7% – ы (22,8 млн. га) әкімдіктерге жүктелген.

"2022 жылы республиканың мемлекеттік орман қорының аумағында 104,5 мың га алқапта 801 орман өрті болды. Оның ішінде орманды алқап алаңы 49,9 мың га болды (келтірілген залал 20,6 млрд.теңгені құрады). Орман өрттерінің 801 жағдайының 444 жағдайы немесе 55%-ы найзағай разрядтарынан, 127 жағдай немесе 15%-ы дала өрттерінің мемлекеттік орман қоры жерлеріне ауысқанының нәтижесінде пайда болды (тұрғындар кінәсі-12, орман пайдаланушылар-1, басқа ұйымдар мен кәсіпорындар-9), анықталмаған себептерден 208 жағдай немесе 26%-ы туындады", - деді министр.

Сонымен қатар Қостанай (42,9 мың га, оның ішінде 33,8 мың га орманды алқап), Алматы (16,0 мың га, оның ішінде 3 мың га орманды алқап), Қарағанды (17,8 мың га, оның ішінде 1,6 мың га орманды алқап) Шығыс Қазақстан (15,8 мың га, оның ішінде 8,2 мың га орманды алқап) облыстарында, соның ішінде «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығында (Ақмола және Қарағанды обл.) 14,3 мың га (ормансыз алқап), «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында (Алматы обл.) 15,2 мың га (ормансыз алқап), «Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде (Шығыс Қазақстан облысы) 1,6 мың га орман және табиғат қорғау мекемелерінің аумағында үлкен алаңдарда орман өрті болған. 

Министр ірі орман өртінің таралуының негізгі себебі ретінде мыналарды атады:

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: