Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 16:51 Фото: akorda.kz
2026 жылғы 17 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан елеулі үлесі, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға сіңірген еңбегі үшін бірнеше қазақстандыққа мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді және салтанатты марапаттау рәсімінен фотосуреттер ұсынды.

Мемлекет басшысынан наградалар алғандардың қатарында:

  • Парламент Сенатының төрағасы Маулен Ашимбаев
  • Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов
  • Премьер-министр Олжас Бектенов
  • Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин
  • Бас прокурор Берік Асылов
  • Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дадебай
  • Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева
  • Ішкі істер министрі Ержан Саденов
  • ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Сәкен Исабеков және басқа да тұлғалар бар.


Бұған дейін Ақордада Қазақстанның жаңа Конституциясына қол қою рәсімі аяқталған соң, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларға сөз сөйледі және қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: