Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады
Сурет: akorda.kz
2025 жылы 25 желтоқсанда президент мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Сонымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:
"Құрмет" орденімен
1. Өтелбаев Мағауия Мейірбекұлы – "Жасыл Ел-Тараз" ЖШС гидротехнигі, Тараз қаласы
2. Сарбасов Бейсенбек Маханұлы – "Жылы бұлақ - Меркі" ЖШС аға шопаны, Жамбыл облысы;
ІІІ-дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен
3. Байділдаев Марат Тайтеліұлы – "Жамбыл электр жүйесі" ЖШС Жамбыл ауданы электр желілерінің электр монтері, Жамбыл облысы
4. Байтұрсынов Бақытбек Тұлымханұлы – "Бурное сүт компаниясы" ЖШС жүк көтергішінің жүргізушісі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы
5. Өтениязов Садуақас Әбдіназарұлы – "Talas Investment Company" ЖШС сорғы қондырғылары машинисі, Жамбыл облысының Талас ауданы
6. Пичиневский Андрей Анатольевич – "Мерке ірімшік зауыты" ЖШС дәнекерлеушісі, Жамбыл облысы
7. Сағындықов Жұмабек – "Жасыл Ел Тараз" ЖШС учаске аула сыпырушысы
8. Сәтбаев Елубай – "Фабрика ПОШ-Тараз" ЖШС автотиеуіш жүргізушісі, Тараз қаласы
9. Туранов Райм Мансурович – "Казфосфат" ЖШС "Минералды тыңайтқыштар" Тараз филиалының слесары-жөндеушісі, Тараз қаласы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
10. Жолымбеков Сайлаубек Пашайұлы – "Мерке ет комбинаты" ЖШС мал дәрігері, Жамбыл облысы
11. Голубцов Андрей Анатольевич – "Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і" АҚ энергоблок машинисі, Тараз қаласы
12. Жуковская Татьяна Александровна – "Ali-Ko Sut 2023" ЖШС бас технологі, Жамбыл облысының Жуалы ауданы
13. Қожамқұлов Нұрталап Қуантайұлы – "Рысбаева и Ко" ЖШС баспагері, Тараз қаласы
14. Сүгірбаева Шынар Асыранқұлқызы – "Амир и Д" ЖШС технологі, Тараз қаласы
Айта кетсек, 2025 жылы 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды.