Ел дамуына үлес қосқан қазақстандықтар "Парасат" орденімен марапатталды
Фото: Zakon.kz
Премьер-министр жаңа Конституцияның қабылдануы қоғамның бірлігі мен тұтастығының көрінісі әрі ауқымды реформалардың маңызды кезеңі болғанын ерекше атап өтті.
"Мемлекет басшысы реформалардың мәні ресми өзгерістерде емес, халықтың өмір сапасын жақсарту, әділеттілікті нығайту және мемлекетке деген сенімді арттыру екенін бірнеше рет атап өтті. Дәл қазіргі жағдайда мемлекеттік аппарат пен бизнес арасындағы үйлесімді жұмыс аса маңызды. Бұл реформалардың тұрақты ілгерілеуін және олардың қоғамға нақты пайдасын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы", — деді Олжас Бектенов.
"Парасат" орденімен марапатталғандар:
- әділет министрі Ерлан Сәрсембаев;
- "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов;
- "Қазақстан темір жолы" компаниясы" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов;
- мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов;
- Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
17 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтқаны үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлап, салтанатты марапаттау рәсімінен фотосуреттер ұсынды.
Президенттің қолынан марапат алғандар қатарында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Бас прокурор Берік Асылов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ішкі істер министрі Ержан Саденов, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Сәкен Исабеков және басқа да тұлғалар бар.