Сонымен қатар депутат салауатты өмір салтын ынталандыру мақсатында бір жыл бойы бірде-бір рет дәрігерге қаралмаған қазақстандықтардың міндетті медициналық сақтандыруға жұмсаған шығынынан 50%-ын беруді ұсынды. Ал Ажар Ғиният бұл мүмкін емес екенін айтып отыр.
"Алғашында МӘМС енгізілген кезде бұл міндетті және біртұтас жүйе екені заңда нақты көрсетілген. Сондықтан қолданыстағы заңнама бойынша қаражатты қайтаруға болмайды. Мысалы, бүгін науқасқа көмек көрсетілмеуі мүмкін, бірақ келесі жылы ол миллион теңге тұратын көмекке мұқтаж болуы мүмкін. Сондықтан әркім өз ақшасын монетизацияласа, жай ғана ақша жетпей қалады. Егер адам айына 300-500 мың жалақы алса, бір жылда 130 мыңдай аударылады. Ең маңызды көмек ретінде коронакрофия, миокард инфаркті кезіндегі жедел коронарлық синдромды алсақ, оны емдеу құны 1,2 миллион-1,5 миллион аралығында. Сондықтан бұл жүйе бастапқыда сау адам ауруға, бай кедейге төлейтіндей етіп жасалған".Ажар Ғиният
Ол денсаулық сақтау жүйесіне қосымша қаражат пен инвестиция жылдар бойы құйылғандықтан, МӘМС жүйесін енгізу дұрыс және дер кезінде қабылданған шара екенін айтты.
"Бұл жүйе медицинамызды дамытуға мүмкіндік берді. Жаңа технологиялар пайда болды. Медицина көмегі бүгінде қолжетімді, оңалту көмегін алады. Бұрын ол белгілі бір аурулар бойынша ғана шектелетін. Қазір тіпті азаматтарымыз санаторийлерде медицина көмегін алып, оңала алады. Қымбат көмек қолжетімді болды. 2 миллионға жуық адам тегін дәрі-дәрмек алды, қазір олардың саны 4 миллионға жетті. Орфандық қымбат препараттар қолжетімді болды. Сондықтан міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің арқасында біз бүгінде халықтың денсаулығын жақсарттық".Ажар Ғиният
15 мамыр күні мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Рахымжанов МӘМС жүйесіне қатысты сын айтты. Ол шенеуніктер "жарқын болашаққа" уәде бергенімен, Қазақстанда адамдар сапалы медициналық қызмет көрсетуді уақытында алмағандықтан қайтыс болып жатқанын айтты.